Қордай: «Арақсыз ауыл» акциясы жалғасуда

Қордай: «Арақсыз ауыл» акциясы жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Арақсыз ауыл» жобасы — ауылдық жерлерде ішімдікке қарсы күрес жүргізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қылмыс деңгейін төмендету мақсатында қолға алынған игі бастама. Жоба аясында ауыл дүкендерінде алкоголь өнімдерін сатудан бас тарту, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мешіт имамдары мен ауыл тұрғындарының бірлесуі арқылы ішімдіктен аулақ болуға шақыру жүзеге асырылуда.

Алла Тағала Қасиетті Құранның «Маида» сүресінің 90-91 аяттарында: «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну және бал ашу – шайтанның жиіркенішті істерінен. Одан аулақ болыңдар, бәлкім құтыларсыңдар. Шайтан арақ пен құмар арқылы араларыңа дұшпандық пен өшпенділік салғысы келеді әрі сендерді Алланы еске алудан және намаздан тосқысы келеді.

Сонда да тыйылмайсыңдар ма?» – деп, мұндай жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Осыған орай, Қордай ауданы, Қақпатас ауылының имамы Жармахамбет Танаубайұлы, ауылдық полиция инспекторы және ауыл ақсақалдары бірлесіп, ауыл дүкендерін аралап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алла Тағала баршамызды салауатты өмір салтын ұстанған, саналы да парасатты қоғам мүшелерінен етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: