БАС ИМАМ «БӘЙДІБЕК» АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕГІ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

БАС ИМАМ «БӘЙДІБЕК» АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕГІ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Жамбыл ауданына жасаған іс-сапары барысында Бәйдібек аудандық мешітіне арнайы зиярат етті.

Іссапар аясында ауданның бас имамы Дәурен Құттыбаев мешітте жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары мен жаңғырту барысын таныстырып өтті. Бас имам мешіттің жаңарған келбетін аралап көріп, әсіресе заманауи үлгіде жабдықталған асхананың жаңа сипатына оң бағасын берді. Сонымен қатар мешіт сөрелеріндегі діни-танымдық әдебиеттермен танысып, олардың мазмұны мен сапасына назар аударды.

Кездесу барысында мешіттің материалдық-техникалық базасын одан әрі жетілдіру, жамағатқа көрсетілетін рухани қызметтің сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар жүктелді.

Айта кетейік, бұған дейін тек бір қабатты асхана ретінде пайдаланылып келген ғимарат бүгінде толықтай кеңейтіліп, екі қабатты заманауи нысанға айналған. Жаңартылған имаратта бас имамның арнайы кабинеті, діни дәріс өтетін оқу бөлмелері және жамағат игілігіне арналған қосымша бөлмелер ашылған. Сондай-ақ мешітің намаз оқуға арналған бөлмелеріне жаңа кілем төселді.

Облыстың бас имамы жаңартылған ғимаратты толық аралап шығып, атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, мешіттің рухани-ағартушылық бағыттағы қызметін жандандыру бойынша бірқатар нақты міндеттерді тілге тиек етті.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: