ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында жаңа «Әс-Сәләм» мешіті ел игілігіне пайдалануға беріліп, шаһардағы 51-ші мешіт ретінде өз жұмысын бастады. Заманауи үлгіде бой көтерген құлшылық үйі шамамен 400–500 адамға арналған.

Жаңа мешіт Аса, Жансая, Қарасу сынды ықшам аудандарды байланыстырып, тұрғындар үшін рухани орталыққа айналмақ. Құлшылық ордасы жамағаттың діни қажеттіліктерін өтеумен қатар, имандылық пен ізгілікті насихаттайтын маңызды орын болары сөзсіз.

Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы қатысып, игі нысанның лентасын қиып, жамағатқа ақ батасын берді. Өз сөзінде бас имам мешіттің қоғамдағы рухани тәрбие мен бірлікті нығайтудағы маңызына тоқталды.

Сондай-ақ, жаңа мешітке имам болып бұған дейін Тараз қаласындағы «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде қызмет атқарған Шафахутдин Әбдіуарис Мұхтарұлы тағайындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін жамағат мешітке кіріп, алғашқы намаздарын оқып, Жаратушыдан ел амандығы мен тыныштығын тіледі.

Жаңа мешіттің ашылуы – қала тұрғындары үшін үлкен қуаныш әрі рухани өмірге серпін беретін маңызды оқиға болды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: