Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде наиб имам Бахтияр Әміреев «Жастар арасындағы стресске төзімділік» тақырыбында психологиялық семинар өткізді.
Семинар барысында жастарға күйзелісті басқару, эмоциялық тұрақтылықты қалыптастыру және қиын жағдайларда сабыр сақтаудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, күнделікті өмірдегі күйзеліс факторларымен күресу жолдары айтылып, нақты мысалдар келтірілді.
Бахтияр Әміреев өз сөзінде рухани тәрбие мен психологиялық тұрақтылықтың өзара тығыз байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, адам бойындағы сабыр мен сенім кез келген қиындықты еңсеруге көмектеседі.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

