Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде наиб имам Нұрлан Мұрат жастар әдебіне қатысты насихат жүргізді.
Кездесу барысында имам жастарға көркем мінездің маңызы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қоғамдағы жауапкершілік жайында кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде әдеп сақтау – имандылықтың бір көрінісі екені атап өтілді.
Нұрлан Мұрат өз сөзінде жастарды уақытты тиімді пайдалануға, пайдалы білім алуға және жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


10 Мамыр 2026
23 Зуль-каада 1447

