Тараз қаласындағы Түрксіб мешітінде жамағат арасында зор құрметке ие Қыдырбай ағамызды зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті. Көп жылдар бойы мешіт қызметіне адал еңбек сіңіріп, жамағатқа үлгі болған ардақты азаматқа ақжарма алғыс пен ізгі тілектер айтылды.
Іс-шара барысында жамағат өкілдері Қыдырбай ағамыздың еңбегін ерекше атап өтіп, оның мешіт өміріндегі орны мен атқарған игі қызметтерін жылы лебізбен еске алды. Ақсақалға құрмет көрсетіліп, арнайы сый-сияпат табысталды.
Жиналған қауым ағамызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеп, зейнет жасын немере-шөберелерінің қызығына толы етіп өткізуіне ақ ниеттерін білдірді.
Мұндай тағылымды кештер – үлкенге құрмет, кішіге үлгі болатын ізгі дәстүрдің жарқын көрінісі.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

