ТАРАЗ: САПАЛЫ ДІНИ ӘДЕБИЕТ – САУАТТЫ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

ТАРАЗ: САПАЛЫ ДІНИ ӘДЕБИЕТ – САУАТТЫ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы мешіттерде орналасқан кітап сөрелеріне арнайы сараптама жұмыстары жүргізілді. Аталған тексерісті облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Сейтқали Әбдіқадір жүзеге асырды.

Сараптама барысында мешіттердегі діни әдебиеттердің мазмұны, сенімділігі және ҚМДБ-ның ресми ұстанымдарына сәйкестігі жан-жақты қарастырылды. Бұл жұмыс жамағатқа ұсынылатын діни ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету және күмәнді, мазмұны сәйкес келмейтін әдебиеттердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Тексеріс қорытындысы бойынша кітап сөрелерін жүйелеу, қажет әдебиеттермен толықтыру және діни танымды дұрыс бағытта дамытуға қатысты тиісті ұсыныстар берілді.

Мұндай жүйелі шаралар жамағаттың діни сауаттылығын арттырып, сенімді әрі дұрыс білім алуына мүмкіндік береді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: