Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы “Тұрғани” мешітінде қыздарға арналған Құран үйрену және тәжуид ережелерін меңгеру сабағы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл жиын тек білім беру ғана емес, жүректерге рухани әсер сыйлаған тағылымды отырыс болды.
Сабақ барысында қатысушылар Құран әріптерінің дұрыс айтылуы, махраж бен сипаттар, сондай-ақ тәжуидтің негізгі ережелерін тәжірибе жүзінде үйренді. Әр шәкіртке жеке көңіл бөлініп, қателіктері түзетіліп, дұрыс оқу дағдылары қалыптастырылды. Теориялық білім мен тәжірибелік жаттығу қатар жүргізіліп, сабақтың түсініктілігі мен тиімділігі артты.
Айрықша атап өтерлігі, қатысушылардың сабаққа деген ынтасы мен ықыласы жоғары болды. Әрбір аятты ықыласпен оқып, үйренуге деген құлшыныс айқын байқалды. Сонымен қатар, сабақ барысында Құранды тек оқу емес, оны жүрекпен сезініп оқу, оған деген сүйіспеншілікті арттырудың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Мұндай рухани сабақтар жас қыздардың діни білімін арттырып қана қоймай, олардың имани тәрбиесіне де үлкен үлес қосуда.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

