Көкбастау ауылында Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлының қатысуымен рухани кездесу ұйымдастырылды. Жиын барысында «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбы аясында тағылымды насихат айтылып, жамағатқа адал еңбектің қадір-қасиеті кеңінен түсіндірілді.
Бас имам өз сөзінде ислам дінінде адал ризық табудың маңызы ерекше екенін атап өтіп, әрбір мұсылманның еңбегі арқылы табыс табуы –құлшылықтың бір көрінісі екенін жеткізді. Сонымен қатар, қоғамда әділдік пен сенімді қалыптастыру үшін әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, шынайы адалдықты ұстануы керектігіне тоқталды.



31 Шілде 2026
15 Сафар 1448

