Мәдімар ауылдық әкімдігінің мәжіліс залында Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы жамағатпен кездесу өткізіп, пәтуа сағатын жүргізді. Тағылымды басқосуда ауыл тұрғындары күнделікті өмірде туындайтын діни мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, нақты әрі шариғатқа сай жауаптар алды.
Кездесу барысында бас имам мұсылманның өміріндегі дұрыс діни ұстанымның маңызын атап өтіп, ғибадаттағы ұқыптылық, отбасыдағы жауапкершілік, адал ризық табу секілді тақырыптарға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, түрлі күмәнді ақпараттарға ермеу, діни білімді сенімді көздерден алу қажеттігі жөнінде насихат айтты.
Пәтуа сағаты ашық әрі еркін форматта өтіп, жамағат өз ойларын ортаға салып, маңызды сұрақтарына жауап алды. Бас имам мұндай рухани кездесулердің халық үшін маңызы зор екенін айтып, алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

