БАЙЗАҚ: МӘДІМАР ХАЛҚЫНА АДАЛДЫҚ НАСИХАТТАЛДЫ

БАЙЗАҚ: МӘДІМАР ХАЛҚЫНА АДАЛДЫҚ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәдімар ауылдық әкімдігі мәжіліс залында Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы  жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, адалдық пен таза еңбектің маңызы жөнінде тағылымды насихат айтты. Жиын барысында имам «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбын кеңінен тарқатып, ислам дінінде адал ризық табудың орны ерекше екенін атап өтті.

Кездесу барысында бас имам әрбір мұсылман үшін адалдықтың тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде көрініс табуы керектігін жеткізді. Сондай-ақ, қоғамдағы әділдік пен сенімнің қалыптасуы әр адамның өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адал еңбек етуіне тікелей байланысты екенін тілге тиек етті. Бұл ретте ол Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен мысалдар келтіріп, адал табыстың берекесі мен маңызын түсіндірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: