Байзақ: «ҚАЛМҰРАТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Байзақ: «ҚАЛМҰРАТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында «Қалмұрат баба» мешітінде тазалық шарасы ұйымдастырылып, сенбілік өткізілді. Игі бастамаға ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы арнайы қатысып, көпшілікпен бірге сауапты іске үлес қосты.

Сенбілік барысында мешіт ауласы мен айналасы тазартылып, қоқыстар жиналып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға мешіт жамағаты мен ерікті жастар белсене атсалысып, ортақ іске жұмыла кірісті. Бұл игі іс қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастырып, қоғамда жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Ауданның бас имамы Қанат Әжілханұлы өз сөзінде тазалықтың ислам дініндегі орны ерекше екенін атап өтіп, әрбір мұсылманның айналасын таза ұстауы – иманның бір белгісі екенін жеткізді. Сондай-ақ, жамағатты осындай пайдалы бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: