Көктал ауылында «Табиғат пен қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында тағылымды насихат өтті. Аталған жиында оңалту бөлімінің жетекшісі Азамат Боранбайұлы жамағатқа қоршаған ортаны аялау, табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті екендігін айтып өтті.
Ол өз сөзінде тазалықтың иманмен тығыз байланысты екенін жеткізіп, Ислам дінінде тазалыққа ерекше мән берілетінін тілге тиек етті. Сонымен қатар, жамағатты айналаны таза ұстауға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және қоғам игілігі үшін белсенді болуға шақырды. Кездесу соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.



31 Шілде 2026
15 Сафар 1448

