БАЙЗАҚ: КӨКБАСТАУ ХАЛҚЫНА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

БАЙЗАҚ: КӨКБАСТАУ ХАЛҚЫНА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көкбастау ауылында жергілікті тұрғындарға арналған тағылымды пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы қатысқан бұл рухани басқосу жамағаттың діни сауатын арттыруға бағытталды.

Насихат барысында ауыл тұрғындары күнделікті өмірде туындайтын түрлі діни сұрақтарын қойып, шариғат шеңберінде тұшымды жауаптар алды. Бас имам өз сөзінде құлшылық амалдарын дұрыс орындау, отбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік, адал мен арамның ара-жігін ажырату сынды маңызды тақырыптарға ерекше тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі таңда ақпарат кеңістігінде кездесетін күмәнді діни мәліметтерден сақ болуға шақырып, дәстүрлі діни ұстанымды берік ұстанудың маңызын атап өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: