Истисқа сөзі қуаңшылық кезінде Алладан жаңбыр тілеу мағынасын білдіреді. Халық арасында бұл ғибадат «тасаттық» деп те аталады. Истисқа намазы – шариғатта бекітілген амалдардың бірі, алайда уәжіп емес. Мұндай кезде дұға жасап, истиғфар айту да жеткілікті болып саналады.
Жуалы ауданы, Теріс ауылындағы «Мырзахмет ата» мешітінің имамы Бауыржан Мұсағалиұлы ауыл тұрғындарымен бірге истисқа намазын оқып, Жаратушыдан жаңбыр, береке мен молшылық тіледі.
Жамағат бірлікпен дұға жасап, елдің амандығы мен жердің ырысын сұрады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

