Жуалы ауданы, Қошқарата ауылындағы «Дәурен» мешітінің асханасында ауыл тұрғындары құдайы тасаттық садақасын ұйымдастырды.
Шара барысында «Дәурен» мешітінің имамы Нұрмахан Кемерханұлы дастархан басында жамағатқа рухани-тәлімдік «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз айтып, ұлттық құндылықтар мен ислам дінінің сабақтастығына кеңінен тоқталды.
Тасаттық аясында жамағатқа ас беріліп, ауыл тұрғындары елдің амандығы мен берекесі үшін дұға жасады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

