ЖУАЛЫ: ҚЫЗТОҒАН АУЫЛЫНДА ЛУДОМАНИЯНЫҢ ЗАРДАБЫ ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

ЖУАЛЫ: ҚЫЗТОҒАН АУЫЛЫНДА ЛУДОМАНИЯНЫҢ ЗАРДАБЫ ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Қошқарата ауылдық округіне қарасты Қызтоған ауылында тұрғындар тарапынан құдайы тасаттық садақасы берілді.

Шара барысында «Дәурен» мешітінің имамы Нұрмахан Кемерханұлы дастархан басында жамағатқа рухани-тәлімдік «Лудоманияның зардабы» тақырыбында уағыз айтып, құмар ойындардың қоғам мен отбасыға тигізер кері әсеріне тоқталды. Сондай-ақ жаман әдеттерден аулақ болу, уақытты тиімді пайдалану және имандылық құндылықтарды сақтау жайлы насихат жүргізілді.

Тасаттық аясында жамағатқа ас беріліп, ауыл тұрғындары елдің амандығы мен берекесі үшін дұға жасады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: