Жуалы ауданы, Кәріқорған ауылдық «Тасбастау» мешітінде демеушілердің қолдауымен бірқатар абаттандыру және жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, мешіт аумағына қоршау орнату және асхана еденіне жылу жүйесін төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл игі іске ауыл мектеп түлектері белсене атсалысуда. Мектеп бітіргеніне 30 жыл толған түлектер мешіттің алдына қоршау орнатса, 20 жылдық түлектер мешіт асханасына жылу жүйесін жүргізіп берді.
Мешіт молдасы Әуесхан Мамышұлы демеушілік танытқан ауыл азаматтарына алғысын білдіріп, олардың отбасыларына амандық пен береке тіледі.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


31 Шілде 2026
15 Сафар 1448

