Жуалы: Имамдар басқосуында уақып қоры насихатталды

Жуалы: Имамдар басқосуында уақып қоры насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық «Жуалы» мешітінде имамдар жиыны өтті. Имамдар жиналысына «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жуалы ауданының кураторы Әбдіқадыр Давидұлының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы Уақып қорының маңыздылығы» тақырыбында тағылымды насихат айтылды.

Әбдіқадыр Давидұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Уақып корпоративтік қайырымдылық қорының мәні мен қоғамдағы рөліне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ қазіргі таңда қор тарапынан жүзеге асырылып жатқан игі жобалар жайында айтып, имамдарға жан-жақты мәлімет берді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: