Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде «Айналаңа қуаныш сыйла» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара Жуалы ауданының бас имамы Есет Таласбаев пен ұстаз Клара Смағанбетованың ұйымдастыруымен өтіп, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталды. Шара аясында балалар мен ересектерге сыртқы киімдер мен аяқ киімдер таратылды.
Жалпы сомасы шамамен 500 мың теңгені құрайтын көмек әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлестірілді. Киім алған балалардың қуанышы ерекше болып, олардың шат-шадыман көңіл-күйі шараның маңызын арттыра түсті.
Мұндай игі бастамалар қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділікті нығайтып, бірлік пен бауырмалдықты арттыруға сеп болмақ.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

