ЖУАЛЫ: «ТОЛЫМБАЙ ТЕГІ ЗИЯБЕК» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖУАЛЫ: «ТОЛЫМБАЙ ТЕГІ ЗИЯБЕК» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты «Толымбай тегі Зиябек» мешітіне Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар секторының меңгерушісі Жазира Иманалиева арнайы іссапармен келді.

Кездесу аясында мешіттің әйел-қыздар секторының меңгерушісі Клара Смағанбетова мен «Әжелер мектебі» және «Асыл аналар» топтарының ұйымдастыруымен жамағатқа дастархан жайылды.

Шара барысында Жазира Иманалиева әйел жамағатына «Отбасы құндылықтары» және «Дін мен дәстүр» тақырыптарында тағылымды уағыз айтып, отбасы бірлігі, ананың қоғамдағы рөлі мен тәрбиелік маңызына кеңінен тоқталды. Жиналғандар рухани әсер алып, әжелердің батасын алды.

Кездесу соңында еркін форматта сұрақ-жауап ұйымдастырылып, әйелдің отбасыдағы орны, көркем мінез бен жауапкершілік төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбіді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: