Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде әйел-қыздар секторының жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде.
Аталған сектордың меңгерушісі Клара Смағанбетова шәкірттермен оқу-ағарту жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп, діни сауат ашу бағытында нәтижелі еңбек етуде. Бүгінде шәкірттер Құран, тәжуид, мұғалім сани, ақида, фиқһ және сира пәндері бойынша білім алуда.
Сабақ барысында шәкірттердің Құранға деген құрметін арттыру, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыру және діни танымын кеңейту басты назарға алынған.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

