Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде "Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі" атты дөңгелек үстел өтті.
Ұстазы Клара Диханбайқызы және Әжелер мектебінің «Асыл аналар» ұжымының ұйымдастыруымен "Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі" атты іс шараға дастарқан жайып, ас үстінде отырып тыңдады.
Жиын барысында «Асыл аналар» мүшесі Смайылқызы Қаламқас, Қуандықызы Гульчехра ханымдар отбасы және қоғамға байланысты ұлттық рухты жеткізе білді. Ұстаз Клара Диханбайқызы сол тақырыпты толықтырып кетті .
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


31 Шілде 2026
15 Сафар 1448

