Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылдық мешітінде құдайы тасаттық садақасы ұйымдастырылды.
«Ақтөбе» мешітінің молдасы Бақытжан Асқарұлы ас барысында жамағатқа рухани-тәлімдік «Қоғам мен жастар» тақырыбында уағыз айтып, жас ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдағы жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.
Шара аясында ауыл тұрғындарының қатысуымен тасаттық рәсімі өткізіліп, жамағатқа ас берілді. Жиналған қауым елдің амандығы мен берекесі үшін дұға жасап, игі тілектерін білдірді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

