Жуалы ауданы, Ақтөбе ауыдлық мешітінде және Талапты ауылдық мешіттерінде "Таза Қазақстан" атты сенбілік тазалық жұмыстары жүргізілді.
Шара аясында мешіт молдасы Әзілхан Каналбайұлы мен ауыл жастары мешіт ауласында көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізді. Игі шара барысында аула қоқыстан тазартылып, айнала ретке келтірілді. Бұл – жастардың туған жерге деген жанашырлығы мен ұйымшылдығының көрінісі.
Ата-бабамыз «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп қанатты сөз қалдырған. Мешіт бағы мен ауласына 400 түп алма көшеттері егілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.




14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

