Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінде Жамбыл облыстық мешіттің наиб имамы Нұрлан Мұрат отбасылық тәрбиеге қатысты кездесу жасап, рухани-тағылымдық жиын өткізді. Кездесу «Отбасылық тәрбие және адал қоғам» тақырыбына арналды.
Жиында аудан кураторы Нұрлан имам мазмұнды баяндама жасап, отбасы институтының қоғамдағы орны, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-әженің рөлі, ұлттық құндылықтар мен діни тәрбиенің сабақтастығы жөнінде терең ой қозғады.
Имам өз сөзінде адал қоғамның негізі – адал отбасы, ал адал отбасының тірегі – дұрыс тәрбие екенін атап өтті. Ислам дініндегі отбасылық құндылықтар, үлкенге құрмет, кішіге ізет, жауапкершілік пен аманат ұғымдарының маңызы кеңінен түсіндірілді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



15 Қыркүйек 2026
2 Раби-сани 1448

