Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы мешітке келген жамағатқа «Суицид» тақырыбында уағыз-насихат жасады.
Аудан имамы : «Ғылыми тілде адамның өз-өзіне қол жұмсап өлтіруін суицид деп атайды. Бұл қазірде адамзат қоғамында кең тараған сорақы құбылыс.
Суицид, өз-өзіне қол жұмсау Ислам дінінде ауыр күнәға жатады. Өйткені өзін-өзі өлтіру шариғатта Жаратқанның жазмышына қарсы шыққанмен тең.
Алла Тағала былай дейді: «...Және де өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге Мейірбан ғой. Ал кімде-кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, Біз оны тозақта өртейміз. Олай ету Алла үшін оңай».
Тіршілікте көрген тауқыметі үшін өмірден баз кешіп, өз-өзіне қол салу Құдай Тағаланың қаһарына ұшыратады. Ақыретте үлкен азапқа душар етеді. Дүниеден қалай кетсе, ақыретте сол кейпінде жазаланатын болады»,- деп, сөзін бастады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

