Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен Халықаралық Жер күніне орай «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан бойынша 155 тал, 40 түп гүл отырғызылды.
Көгалдандыру науқанын пайдаланып мешіт аулаларына да абаттандыру жұмыстары жасалды. Бұл игі шараға жамағат ішінен ерікті жастар қол көмегін беріп, үлестерін қосты.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



31 Шілде 2026
15 Сафар 1448

