#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША ТАЗАЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША ТАЗАЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен Халықаралық Жер күніне орай «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жасалды. Ауданға қарасты ауылдық мешіттерге және аулаларына толыққанды тазаланып, арам шөптер шабылып өртелді.

Алла Елшісі с.а.у. : «Тазалық – иманның жартысы» (имам Мүслим). Мұнда айтылған «طُهُور» (туһур) тазалық сөзі рухани да, тәндік те тазалықты білдіреді. Бұл хадис – исламдағы тазалықтың адам болмысында, руханиятта және қоғамда маңызды рөл атқаратын ереже болып табылады.

Тазалық – тәрбиенің көрсеткіші. Мұсылман баласы – тек мешітте ғана емес, қай кезде болмасын таза жүретін адам. Қоғамдағы қоқыс, ластық – бұл тек санитарлық мәселе емес. Бұл – рухани деңгейдің көрсеткіші. Кез келген адам қай жерде жүрсе де, қоғамдық орындарды ластамай өзінен кейін жаман із қалдырмауы керек екенін әсте естен шығармаған жөн.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: