#Шу: «Жәми» мешітінде тағылымды рухани іс-шара өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде тағылымды рухани іс-шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жәми» мешітінде аталар мектебінің ұйымдастыруымен тағылымы мол рухани іс-шара өткізілді. Жиын барысында дін мен дәстүр сабақтастығы, отбасы құндылықтары, қоғам тазалығы, елдегі тұрақтылық және жастар тәрбиесі тақырыптарында уағыз-өсиеттер айтылды.

Шараға Шу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Белсенбаев Мэлс Нысанбайұлы, Шу қалалық алқа билер кеңесінің төрағасы Садықұлов Темірқұл Шолпанқұлұлы, сондай-ақ алқа мүшелері Нуриддинов Орманбек пен Жидебаев Ерсін қатысты.

Ауыл ақсақалдары жас ұрпаққа өнеге боларлық ақыл-кеңестерін айтып, имандылық пен ұлттық тәрбиенің маңыздылығына ерекше тоқталды. Олар қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтау, үлкенді құрметтеу, отбасы берекесін нығайту бағытында тағылымды ойларымен бөлісті.

Кеш соңында ақсақалдар жиналған жұртқа бата беріп, елдің амандығы мен берекесін тіледі.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: