Мойынқұм ауданында «Таза Қазақстан» жобасы аясында зират аумақтарында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Шара барысында белсенді ауыл тұрғындары қабірлердің айналасын қоқыс пен шөп-шаламнан тазартып, аумақты ретке келтірді.
Игі іске қатысқан тұрғындар туған жерге деген құрмет пен жауапкершілікті көрсетіп, тазалықтың маңыздылығын насихаттады. Шара соңында мешіт имамы марқұмдарға арнап Құран бағыштап, дұға жасады.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



31 Шілде 2026
15 Сафар 1448

