«Жәми» мешітінде ұстаз Бекмембетова Сәуленің ұйымдастыруымен әжелер мектебінің қатысуымен рухани-танымдық шара өткізілді. Іс-шара барысында дін мен дәстүр сабақтастығы, әйел адамның қоғамдағы орны мен даналығы туралы тағылымды уағыз-өсиеттер айтылды.
Жиынға әжелер алқасының мүшелері Дариха Шонжарқызы және Ділдәбекова Лаззат қатысып, имандылық, ибалық және ұлттық тәрбие жөнінде ойларымен бөлісті. Шара барысында ананың отбасы берекесіндегі рөлі, сабыр мен мейірімнің маңызы, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтаудағы әжелер өнегесі кеңінен насихатталды.
Кездесу соңында қатысушылар рухани әсер алып, тағылымды басқосу үшін алғыстарын білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

