БАЙЗАҚ: БАС ИМАМ МӘДІМАР ХАЛҚЫНА УАҚЫПТЫ НАСИХАТТАДЫ

БАЙЗАҚ: БАС ИМАМ МӘДІМАР ХАЛҚЫНА УАҚЫПТЫ НАСИХАТТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Мәдімар ауылдық әкімдіктің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Уақып – сарқылмас қазына» тақырыбында насихат айтты.

         Бас имам насихатында: «Дінімізде қоғам үшін де, жеке тұлға үшін де, адамның ақыреті мен осы дүниесі үшін де ең ізгі амалдардың бірі – уақып ісі. Уақып сөздікте «ұстау» деген мағынаны білдірсе, ал, терминдік мағынасы: «Белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалану». Уақыптың үкімі Құран және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисімен, сонымен қатар ислам ғұламаларының бір ауыздан келісуімен бекітілген.

Құранда уақып жалпы мағынада келген, мал-дүниеден болған пайданы Алла Тағаланың жолында жұмсау деген сөз. Алла Тағала Құран Кәрімде:«Жақсы көрген мал-дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке қол жеткізе алмайсыңдар. Сондай-ақ қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, Алла оны біледі», – деген («Әли Имран» сүресі, 92-аят). Осы аят түскен кезде Алла Елшісінің (оған Аллланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабасы Әбу Талха (Алла оған разы болсын) ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)! Алла Тағала біздерге: «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…», – деді. Ал менің ең сүйікті, жақсы көретін нәрсем – Байруха бағы. Сондықтан Алла жолындағы берген садақам сол болсын», – дейді.

Бұған Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Пах шіркін! Бұл неткен табысты дүние! Әлбетте бұл табыс әкеледі! Мен сенің айтқаныңды естідім, расында, мен оны туысқандарың мен жақындарыңа беруің керек деп ойлаймын», – деді. Осыдан кейін ол оны туысқандары мен әкесімен (не анасымен) ағайындас ағасының балаларына бөліп берді», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: