Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыбарақ ауылы «Темірбек баба» мешітінің имамы Жасұлан Сабырұлының ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына ауыл жастары белсенді түрде атсалысты. Игі шараның мақсаты – табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару және жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті насихаттау.
Тазалық – иманның жартысы. Әр азамат үшін қоршаған ортаны таза ұстау – тек әлеуметтік міндет емес, рухани құндылықтардың бірі. Аталмыш акцияда ауыл жастары мешіт аумағы мен айналасын абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Осы орайда, мешіт жамағаты осындай шараларға тұрақты түрде атсалысып үлгі болуда.
Акция соңында ауыл имамы Жасұлан Сабырұлы табиғатты қорғау мен қоғамның ортақ игілігі үшін бірлесе еңбек етуге шақырды.



31 Шілде 2026
15 Сафар 1448

