Байзақ аудандық орталық мешітінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында игі шара ұйымдастырылды.
Мешіт жамағаты бірлесе отырып, Алланың үйінің ауласын және айналасын тазалап, сенбілік жұмыстарын жүргізді. Бұл игі іс – тазалықтың иманнан екенін дәріптеп, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Сондай-ақ жылдағы дәстүрге сай мешіт ауласына жеміс ағаштары отырғызылып, түптері әктелді.
Тазалық – әрбір мұсылманның айнымас міндеті. Осындай шаралар арқылы қоғамда тәртіп пен бірлік нығая түседі. Алла Тағала жасаған игі амалдарымызды қабыл етсін!



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

