Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Көкбастау ауылдық әкімдіктің мәжіліс залында ауыл халқына «Уақып – үзілмейтін сауап» тақырыбында ақпарат берді.
Қанат Әділханұлы сөзінде: «Уақып тақырыбы қаншалықты маңызды болғандай, бұл жұмысты, бұл қызметті жүргізу де соншалықты сауапты да, жауапты жұмыс. Сол себепті әңгімемізді осы жөнінде өрбітпек ниеттеміз. Алдыңғы мақалаларымызда қарастырған уақып тақырыбынан ұққанымыз - уақып дегеніміз үзілмейтін садақа екен. Ол жөнінде Алла Тағала: «Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннатпен айырбастап алды...», - деп баяндаған. ("Тәубе" сүресі, 111-аят) Ал, пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам баласы дүние салған соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: үзілмейтін садақа, пайдалы ғылым және артынан дұға жасайтын ізгі ұрпақ», - деп айтқан хадистен түсінеміз (Муслим).
Яғни, Ислам діні бұл өмірді мәңгілік өмірге дайындық мекені, ал болашақ өмірді – осы өмірдің жалғасы етіп, адамның тәні мен жаны, материалдық және рухани дүниесі арасына таңғажайып та, кемел тепе-теңдік орнатып, қоғамның тұрақты да, бақытты дамуына сенімді темірқазық бола алды», - деді.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

