«Әл-Баақи» мешітінің имамы Абдрахманов Азамат жамағатқа «Исламдағы уақып» тақырыбында тағылымды насихат айтты.
Уағыз барысында уақыптың ислам дініндегі орны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Имамның айтуынша, уақып – қоғам игілігі үшін жасалатын сауапты амалдардың бірі. Бұл мұсылман адамның дүние-мүлкін Алла разылығы жолында халықтың қажетіне жаратуы болып табылады.
Насихат барысында уақып жасаудың артықшылықтары айтылып, оның садақа жарияның бір түрі екені түсіндірілді. Яғни, адам мешіт салуға, білім алуға, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге немесе басқа да игі істерге мүлкін арнау арқылы сауабын үздіксіз алып отырады.
Сонымен қатар имам уақыптың қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудағы рөлін атап өтті. Уақып арқылы мешіттер, медреселер, ауруханалар салынып, халыққа үлкен пайда келетінін жеткізді. Жамағатты қайырымдылыққа, елге қызмет етуге үндеген имам әрбір жасалған уақыптың Алла алдында үлкен сауап екенін еске салды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

