Ақтөбе ауылында «Аталар мектебі» аясында 70 жастан асқан, ауылда өзіндік орны бар қария Серік Алиев мешітте тағылымды уағыз жүргізді.
Уағыз барысында ол қажылықтың маңызы мен рухани мәні туралы кеңінен тоқталып, әрбір мұсылман үшін бұл парыздың орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, отбасы берекесі, сыйластық пен бірлік туралы әсерлі ойлар айтып, ата-ананың рөлі туралы әңгіме өрбіді.
Жиналған жамағат қарияның өнегелі сөздерінен рухани азық алып, өз алғыстарын білдірді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

