Жуалы ауданы, Шақпақата ауылдық мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шақпақата мешітінің молдасы Пернебек Көпбосынұлының ұйымдастыруымен ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен алты мұқтаж отбасына азық-түлік себеттері көмек ретінде таратылды.
Шара барысында жамағатқа қайырымдылықтың маңызы мен мұқтаж жандарға қолдау көрсету – сауапты амал екені айтылды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


15 Қыркүйек 2026
2 Раби-сани 1448

