Жуалы ауданы, Асай ауылдық округіне қарасты Қайрат ауылы стадионында кіші футбол турнирі өтті.
Қайрат ауылының 1989 жылғы мектеп түлектер 20 жылдық мерейлі басқосуына орай футбол ойынын ұйымдастырды.
Футбол жарысына мешіттер командасы мен ауыларалық ойыншылар қатысты. Ойын барысында жүлделі 1 орын, 2 орын, 3 орындарды бөлісті. Көлбастау ауылдық «Құлый баба» мешітінің жамағаттары үшінші орын алды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



31 Шілде 2026
15 Сафар 1448

