ЖУАЛЫ: МЫРЗАХМЕТ АТА МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫ АЙТЫЛДЫ

ЖУАЛЫ: МЫРЗАХМЕТ АТА МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Теріс ауылдық «Мырзахмет ата» мешітінде жұма намазына орай жамағатқа уағыз-насихат айтылды.

Мешіт имамы Бауыржан Мұсағалиұлы жамағатқа «Адамгершілік – имандылық айнасы» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, адам бойындағы көркем мінез, ізгілік пен имандылықтың қоғамдағы орны туралы кеңінен түсіндірді.

Уағыз соңында имам Алла Тағаладан қасиетті жұма күні жасалған әрбір ізгі амал мен дұға-тілектердің қабыл болуын тілеп, жамағатқа ақ бата берді. «Әмин!» деп жиналған қауым бірге тілек етті.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: