Жуалы ауданы, Бақалы мен Теріс ауылдарына қарасты «Мырзахмет ата» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі бастама мешіт имамы Бауыржан Мұсағалиұлының бастамасымен жүзеге асып, ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен бес жанұяға азық-түлік себеттері табысталды.
Шара барысында жамағатқа қайырымдылықтың маңызы, мұқтажға қол ұшын беру – ізгі амалдардың бірі екені айтылып, бірлік пен жанашырлыққа үндейтін насихат жүргізілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


15 Қыркүйек 2026
2 Раби-сани 1448

