Жуалы ауданы, Бақалы мен Теріс ауылдарына қарасты «Мырзахмет ата» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі бастама аясында мешіт имамы Бауыржан Мұсағалиұлы ауылда науқас баласына қарап отырған қарт анаға 50 000 теңге көлемінде қаржылай көмек табыстады.
Шара барысында жамағат тарапынан мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қайырымдылық жасау – сауапты іс екені айтылып, игі амалдардың қоғамдағы маңызына тоқталды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


31 Шілде 2026
15 Сафар 1448

