Жуалы ауданы, Теріс ауылдық «Мырзахмет ата» мешітінде сенбілік тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіт имамы Бауыржан Мұсағалиұлы мен жамағат бірлесе отырып, мешіттің ішкі және сыртқы аумағын тазалап, ағаштарды ретке келтірді. Сондай-ақ айнала қоқыстан тазартылып, мешіт ауласының көркі жақсартылды.
Игі іске үлес қосқан жамағат мешіт алдына жеміс ағаштары мен шырша көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.
Мұндай сенбілік шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға және мешіт аумағын көркейтуге бағытталған.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



31 Шілде 2026
15 Сафар 1448

