ЖУАЛЫ: НҰРЛЫКЕНТ МЕШІТІНДЕ НАУРЫЗ ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

ЖУАЛЫ: НҰРЛЫКЕНТ МЕШІТІНДЕ НАУРЫЗ ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Нұрлыкент мешітінің ауласында Наурыз мейрамы қарсаңында дәстүрлі дастархан жайылып, жамағатқа Наурыз көже таратылды.

Игі шараның мақсаты – жамағат арасындағы ынтымақ пен бірлікті арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Дастархан басында ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, елдің амандығы мен берекесіне тілектестік білдірді.

Шара барысында жиналғандар Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы туралы насихат тыңдап, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: