Жуалы ауданы, Шақпақата ауылдық мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатқа діни насихат айтылды.
Мешіт молдасы Пернебек Көпбосынұлы жамағатқа «Жомарттық» тақырыбында уағыз жүргізіп, ихсан ілімінің мәні мен адам бойындағы көркем мінездің маңызына тоқталды. Сондай-ақ, мұқтажға қол ұшын беру, қайырымдылық жасау және жомарттықтың сауапты амал екені түсіндірілді.
Жамағатқа пайдалы насихат айтылып, тақырып аясында сұрақ-жауап жүргізілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


31 Шілде 2026
15 Сафар 1448

