Жуалы ауданы, Теріс ауылдық «Мырзахмет ата» мешітінің аумағында көктемгі көшеттерді баптау жұмыстары ұйымдастырылды.
Мешіт имамы Бауыржан Мұсағалиұлының бастамасымен және ауыл ақсақалдары мен жамағаттың қатысуымен мешіт ауласындағы алма бағының көшеттері күтіп-бапталды. Көктемгі бүршіктеу кезеңіне орай ағаштарды қырқу, түптерін қопсыту және жалпы күтім жұмыстары жүргізілді.
Игі шара барысында табиғатты аялау, жасыл желекті көбейту және мешіт ауласын көркейту сынды құндылықтардың маңызы айтылды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

