ЖУАЛЫ: БИЛІКӨЛ МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

ЖУАЛЫ: БИЛІКӨЛ МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Қарабастау ауылына қарасты Билікөл мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Аталған игі істі мешіт имамы Қуаныш Орынбасарұлының бастамасымен жүзеге асырып, ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж бес отбасына азық-түлік себеттері табысталды.

Шара барысында жамағатқа ізгілік, қайырымдылық және мұқтажға қол ұшын беру – ислам дінінің негізгі құндылықтарының бірі екені айтылып, сауапты амалдардың маңызы түсіндірілді.

Мұндай игі бастамалар ауыл тұрғындары арасындағы бірлік пен бауырмалдықты арттыруға сеп болары сөзсіз.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: