Қордай: «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өтті

Қордай: «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні – ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыз ұстанған қасиетті жол. Әлмисақтан мұсылман болған халқымыз қашанда діні мен дәстүрін қатар дәріптеп, осы екі құндылықты ұштастыра білу арқылы ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген.

Халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне сіңген салт-дәстүрлердің көпшілігі асыл дінімізден бастау алып, ұлттық болмысымызбен біте қайнасып кеткені анық. Осы орайда Қордай ауданына қарасты Арал ауылындағы мектепте дін мамандарының қатысуымен оқушылар және ұстаздармен кездесу өтті. Басқосуда «Дін мен дәстүр» тақырыбы кеңінен қозғалып, ұлттық құндылықтар мен діни ұстанымдардың өзара сабақтастығы жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу барысында жастарға дін мен дәстүрдің үйлесімділігі, жат ағымдардың зияны, сондай-ақ ұлттық тәрбиенің маңыздылығы жөнінде тағылымды ойлар айтылды. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, дін мамандарынан тұшымды жауап алды. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына имандылық, адамгершілік қасиеттерді сіңіру, дәстүрлі дінімізді дұрыс түсіндіру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)