Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылындағы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығында арнайы іс сапармен келген Жамбыл облысының наиб имамы Бақтияр Әміреев орталықтың қызметімен танысты.
Сапар барысында орталықтың құжаттарының жүргізілуі, сондай-ақ шәкірттерді қабылдау барысындағы құжаттардың талапқа сай рәсімделуі тексерілді. Наиб имам құжаттарды дұрыс әрі жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, жауапты мамандарға нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар шәкірттерді оқыту әдістемесіне ерекше көңіл бөлініп, оқу үдерісінің сапасы сараланды. Бақтияр Әміреев қариларды дайындаудағы тиімді тәсілдер жөнінде өз тәжірибесімен бөлісіп, ұстаздарға әдістемелік кеңестер берді. Іс сапар аясында орталықтың алдағы жұмыстары мен білім беру сапасын арттыру мәселелері де талқыланды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

